Toyota микрочиптердің жетіспеушілігінен өндіріс жоспарын төмендетті
Концерн 2022 жылдың қазанында 800 мың автомобиль шығарады.
Әуелінде Toyota 2022 жылдың қазанында 900 мың автомобиль шығаруға міндеттенген. Алайда микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты жоспарын өзгертуге тура келді. Концерн енді қазанда 800 мың автомобиль шығаратын болды. Компаниядағылар қарашаның жоспары да төмендетіледі деп мәлімдеді.
Дей тұрғанмен микрочиптер тапшылығы компанияның жылдық міндеттемелеріне әсер етіп жатқан жоқ. Toyota тұтас 2022 жылы 9,7 млн көлік шығарамыз деп меже қойған еді, деп жазады Aussiedlerbote.
Коронавирустық шектеулер мен микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты жапонның көлік өнеркәсібі қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Honda 2022 жыл ішінде көлік өндірісі көлемін 40%-ға қысқартатынын мәлімдесе, ал Nissan компанияның 2022 жылғы шілдедегі табысы 14%-ға төмендегінін айтты.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
23.09.2022, 10:42