«Соллерс» LCV сегментке бет бұрды
Ресейлік автомобиль өндірушісі дербес брендін дамытатындығын жариялағаннан кейін коммерциялық жеңіл автомобильдер шығаратынын мәлімдеді.
«Соллерс» компаниясы мен РФ өнеркәсіп және сауда министірлігі коммерциялық жеңіл автокөліктердің түрлерін шығаруды жолға қою жөнінде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «Соллерс Авто» ЖАҚ баспасөз қызметі.
Қолданыстағы арнайы инвестициялық келісімшартқа (АИК) өзгерістер енгізуді көздейтін бұл құжатқа Шығыс экономикалық форумында қол қойылды. Бұл келісімде «Соллерс» жеке брендімен коммерциялық жеңіл автокөліктердің түрлерін өңдірудің жаңа жобасын іске асырады. Бұл көліктің түрлері Елабугада (Татарстан) орналасқан «Алабуга» арнайы экономикалық аймағында өндіріледі.
«Соллерс Авто» компаниясының иелігіне Ульянов автомобиль зауыты, Завольже мотор зауыты Елабугадағы «Соллерс Форд» (ресейлік Aurus люкс-маркасының автомобильдерін шығарады), Владивостоктағы «Мазда Соллерс» пен Ульяновтағы «Соллерс Исуз» бірлескен кәсіпорындарында үлестері бар. Қазіргі уақытта олардың тек екеуі ғана жұмыс істейді. УАЗ жеңілдетілген жиынтықтағы көліктеді шығарады, ал Елабугада лимузиндерден басқа Aurus Komendant жол талғамайтын көлігін шығаруға дайындалып жүр.
Осыдан біраз уақыт бұрын «Соллерс Авто» тобының бас директоры Николай Соболев, УАЗ және Aurus маркаларынан бөлек, жаңа дербес брендін шығаратынын айтты. Алайда жаңа бренд нақты қай сегментте (жеңіл автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, люкс-санаттағы авто) шығарылатынын айтпады. Бірақ жақында ғана компания өзінің алғашқы әзірмелерін LCV сегментінде іске қосатыны белгілі болды.
Елабугадағы кәсіпорында толық салмағы 2,5-4,5 тоннаға дейінгі екі үлгіде, капотсыз жеңіл коммерциялық және жартылай капотты көліктер өндіріледі делінеді. Жаңа дербес бренд осы жылдың соңына дейін іске қосылып, LCV модельдері Ресей нарығында «Соллерс» брендімен ұсынылатын болады, деп хабарлады Соболев пен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары — индустрия және сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуров қол қойған құжатта.
«Жеңіл коммерциялық автокөліктердің өндірісі «Соллерс Авто» ЖАҚ-қа Ресейде тоқтатылған Ford Transit өндірісін алмастыруға, осы сегменттегі нарықтағы түрлерді көбейтуге, сондай-ақ ресейлік тұтынушылар тарапынан коммерциялық техникаға тұрақты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді», — деді Денис Мантуров.
Өз кезегінде, компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Әділ Шырынов, «Соллерс» компаниясының басым түсетін тұсы — жеңіл коммерциялық автокөліктер сегментіндегі көшбасшылық страгиясы — және LCV түрлерін өз дербес бренді ретінде нарыққа шығару, осы стратегияны іске асырудың жаңа кезеңіне айналады деп атап өтті.
Елабугадағы зауыттың жобалық қуаты жылына 85 мың көлік шығара алады. «Соллерс Алабуга» инвестициялары мен жеткізуші компаниялардың инвестицияларын қосқанда, жаңа жобаға жалпы көлемі 5,5 млрд рубльден (42,4 млрд теңге) аса қаржы құйылды. Сонымен бірге, арнайы инвестициялық келісімшарт аясында «Соллерс Авто» жиынтық инвестициялық міндеттемелері 7 млрд-тан 9,9 млрд рубльге дейін (76,5 млрд теңгеге дейін) өседі.
Арнайы инвестициялық келісімшарттағы өзгерістерге сәйкес, «Соллерс Авто» дизельді қозғалтқыштар өндірісін іске қосуға, штамптау өндірісін, негізгі электрондық модульдерді, шасси элементтерін, пластиктен жасалған бұйымдарды және жаңа автокөліктерді барынша жерсіндіруді өз мойнына алады. Жерсіндіру жобасының үлкен бөлігі — «Алабуга» АЭА-да бұрыннан бар кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ жаңа жеткізуші кәсіпорындарды құру арқылы жүзеге асырылады.
Әділ Шырыновтың айтуынша, өз қызметін тоқтатқан «Соллерс Форд» кәсіпорнындағы барлық персоналды LCV түрлерін өндіру жобасы аясында қайтадан жұмысқа алу жоспары бар. Сонымен бірге, жобаның маңызды бөлігі — Татарстан Республикасының аумағында ҒЗТКЖ және «Соллерс Авто» өнімді дамыту орталықтарын құрып, ресейлік және шетелдік инженерлерді, Татарстан мен Ресейдің басқа өңірлерінен салалық техникалық жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа тартуды жоспарлап отыр.
Бұл орталықтың міндерттеріне әрі қарай жаңа модификациялардың әзірлемелерін дайындау, жасау және LCV сегментіндегі модельдік қатарды кеңейту, сондай-ақ, шығарылатын барлық LCV түрлерін жерсіндірудің ауқымды бағдарламасын инженерлік сүйемелдеу кіреді. Автостат агенттігі мен «Электрондық төлқұжат» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың тамызында ресейлік жаңа коммерциялық жеңіл автомобильдер нарығының көлемі 5 мың 052 бірлікті құрады, бұл шілде айымен салыстырғанда 6%-ға көп, бірақ 2021 жылғы тамыздағы нәтижеден 58%-ға төмен. Биылғы сегіз айдың нәтижелеріне келетін болсақ, Ресейде 50 мыңнан астам жаңа LCV сатып алды. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, 45 %-ға аз.
Егор Васильев, корреспондент
08.09.2022, 14:00