Меню CARMA.KZ

Шетелдік нөмірлі көліктердің қайсысы заңдастырылмайды

Қазір ІІМ мәліметтер базасын шекара және салық қызметтерімен салыстырып жатыр.

Шетелдік нөмірлі көліктердің қайсысы заңдастырылмайды / Фото: / Фото: rg.ru
Шетелдік нөмірлі көліктердің қайсысы заңдастырылмайды / Фото: / Фото: rg.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік нөмірлі автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік беруді тапсырды. Бұл көліктер үшін утильдік алым және бастапқы тіркеу құны 200-250 теңгені құрайтын болады.

Қазір өкілетті мемлекеттік органдар заңға бір реттік заңдастыру акциясын өткізуге рұқсат ететін өзгертулер енгізіп жатыр.

Ішкі істер министірлігі шетелдік нөмірлі автокөліктердің қайсысы заңдастырылмайтынын атады:

  • 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген;
  • іздеу салынған;
  • заңмен немесе сот бұғат салған;
  • бұрынғы елде есептен шығарылмаған;
  • оң рульді автокөліктер;
  • кедендік тексерістен толық өтпеген;
  • көлік иесінің құқығын анықтайтын құжаттары жоқ.

«Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген барлық көлік кұралдары мәселесі бойынша, ішкі істер, мемлекеттік кірістер органдары және ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі өзара ақпарат алмасады», — деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, Қазақстанда заңдастырылған көліктер жайлы барлық ақпарат көрші елдердегі кұқық қорғау органдарының деректер базасымен салыстырылатынын айтты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.09.2022, 13:26