Ресейдің «Автотор» зауыты жаңа автомобиль модельдерін шығармақшы
Қазір кәсіпорын Hyundai мен KIA шығарып жатыр.
Калининградтық «Автотор» зауыты 2022 жылдың соңына дейін жаңа автомобильдердің модельдерін шығаруды жолға қоймақшы. Нақты қандай модельдерді шығаратыны әзірге белгісіз. Дегенмен, Калининград облысы губернаторы Антон Алихановтың айтуынша, кәсіпорын шетелдік серіктестермен келісіп қойған.
«Автотор» 2023 жылы 50-70 мың жаңа автомобиль шығаруды жоспарлап отыр және өндіріс көлемін одан әрі ұлғайта түспек, деп жазады «Автостат».
2021 жылдың қорытындысы бойынша калининградтық зауыт 177 мың жаңа көлік шығарған, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 13%-ға көп.
Қазір «Автотор» Hyundai и KIA автомобильдерін шығарып жатыр, BMW-ның конвейері тоқтап тұр. Антон Алиханов бүгінгі таңда кәсіпорын маусымда келіп түскен құрамдастардың қалдық қорымен жұмыс істеп жатыр. Бұл зауыттың ішінара жүктемемен жұмыс істеуіне жетеді деп атап өтті.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.09.2022, 12:25