Меню CARMA.KZ

Қытайлық 2 автомобиль Еуропада краш-сынақта жақсы нәтижелер көрсетті

Бұл автомобильдер маркасы жақын арада еуропа нарығында сатыла бастайды.

Қытайлық 2 автомобиль Еуропада краш-сынақта жақсы нәтижелер көрсетті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қытайлық 2 автомобиль Еуропада краш-сынақта жақсы нәтижелер көрсетті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ora Funky Cat (Еуропада Good Cat деп аталады) және Wey Mocha (Coffee 01) гибрид кроссовері Euro NCAP еуропалық жүйесі бойынша краш-сынақтан өтті. Екі автомобиль де тамаша нәтиже көрсетті.

Мамандар Ora Funky Cat-тың жүргізушісі мен жолаушыларының қауіпсіздігін жоғары бағалады. Бетпе-бет соғылысудың нәтижесі айтарлықтай болған жоқ, бірақ бүйірден соққы, арттан ұру мен электромобильден эвакуациялану мүмкіндіктері жоғары бағаға ие болды.

Автомобиль ішіндегі баланың жалпы қауіпсіздігі сенім ұялтпайды. Тек балалар креслосын орнату жүйесінің беріктігіне ғана үміт артуға болады, деп жазады «Қытай автомобильдері» порталы.

Мамандар сондай-ақ шұғыл тоқтау және жолақ ішінен шығып кетпеу функцияларына жоғары баға берді. Краш-сынақтың қорытындысы бойынша Ora Funky Cat 5 жұлдыздың бесеуін де иеленді.

Wey Mocha-ға («Мока» деп оқылады) келер болсақ, автомобиль жолаушылардың қауіпсіздігі, бүйірден соққы және арттан ұру кезінде жоғары баға алды. Бетпе-соғылысу мен эвакуациялану автомобильге жақсы баға әкелген жоқ.

Сонымен қатар гибрид баланың қауіпсіздігі және балалар креслосының орнатылу бойынша жоғары балл алды. Краш-сынақтың қорытындысы бойынша Wey Mocha 5 жұлдыз еншіледі.

Euro NCAP сынақтарынан сәтті өтсе Ora Funky Cat мен Wey Mocha-ға еуропа нарығына жол ашылады. Ora Funky Cat Ұлыбританияда 2022 жылдың соңында саудаға түсіп, одан соң мұнда Wey Mocha да сатыла бастайды. Сондай-ақ неміс нарығы да қарастырылып жатыр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.09.2022, 16:24