Меню CARMA.KZ

Қазақстанда Kaspi.kz арқылы 22 мыңға жуық жүргізуші куәлігі ауыстырылды

Аталмыш жүйе арқылы елімізде бір жарым жыл ішінде бірнеше жүз мың көлік қайта ресімделді.

Қазақстанда Kaspi.kz арқылы 22 мыңға жуық жүргізуші куәлігі ауыстырылды / Фото: Kaspi.kz
Қазақстанда Kaspi.kz арқылы 22 мыңға жуық жүргізуші куәлігі ауыстырылды / Фото: Kaspi.kz

Елімізде 22 мыңға жуық жүргізуші куәлігі Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы ауыстырылды, деп хабарлады сәрсенбіде Digital Bridge 2022 форумы барысында Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушының бірі Михаил Ломтадзе.

«Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін ауыстыру жүйесін 22 мыңнан астам қазақстандық пайдаланды. Бұл елімізде берілетін жүргізуші куәлігінің үштен бір (бастапқы берілетін және айырбастауға жататын) бөлігі», — деді Ломтадзе 28 қыркүйекте өткен форум сессияларының бірінде.

Ол 2022 жылы елімізде берілген жүргізуші куәліктерінің жалпы санын айтпады. Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биылғы жеті айдың қортындысы бойынша, елімізде 46 585 мың бастапқы жүргізуші куәлігі берілгенін хабарлады. Бұл 2021 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда, екі есе (84 949 мың) аз.

Қазақстандықтардың жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігі биыл шілде айынан бастап Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы айырбастала бастады. Банк жаңа сервисті әкімшілік полиция комитетімен және ҚР ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығымен бірлесіп әзірледі.

Қосымшада куәлікті ауыстыру үшін  тұлғаның фотосуретін, медициналық анықтамасын жүктеу және ешқандай комиссиясыз мемлекеттік баж төлеу секілді әрекеттерді орындау қажет. Одан кейін өтінімді қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде цифрлық түріндегі жаңа куәлікті алуға болады. Сондай-ақ, пластиктен жасалған жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға болады.

«Өткен жылы автомобильді онлайн қайта тіркеуді іске қостық. Енді Kaspi.kz арқылы еліміздегі әрбір үшінші автомобиль онлайн тіркеледі, — деді Ломтадзе. Біздің қосымшамызда бірнеше жүз мың автокөлік қайта рәсімделді. Елімізде адамдар тамақтанып отырып-ақ көлігін оңай рәсімдей алатынын шетелдіктерге айтқанда, олар: «Ал бізде ол қашан пайда болады?» деп сұрайды. Біз оларға: «Күте тұрындар, біз Қазақстанда әлі бәрін жасаған жоқпыз» деп айтамыз», — дейді ол.

Kaspi.kz арқылы көліктерді жаңа иесіне қайта тіркеу (қайта ресімдеу) 2021 жылдың қаңтар айының соңынан бастап енгізілді. Сатушы көлікті есептен шығаратын кезде, сервис көліктің жүктемесі, айыппұлдары мен салық берешектерінің бар-жоғы автоматты тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар немесе айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сол қосымшада сатып алушы сатушыға автокөлік үшін ақша аударады. Ал сатушы мен сатып алушының арасындағы мәміле бетпе-бет қатысуынсыз, қашықтан жасалады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
29.09.2022, 12:42