Меню CARMA.KZ

 Mercedes-Benz күрделі қысқа дайындалып жатыр

Көлік өндіруші құрамдастардың қосымша көлемін Қытай мен АҚШ-қа жөнелтуде.

 Mercedes-Benz күрделі қысқа дайындалып жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
 Mercedes-Benz күрделі қысқа дайындалып жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Mercedes-Benz AG егер тіпті Германия отынды күрт мөлшерлейтін болса өндірісті бірнеше апта бойы ұстап тұру үшін табиғи газды пайдаланып шығаратын қосалқы бөлшектерден қор жасап жатыр.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, люкс санаттағы автомобиль шығаратын неміс компаниясы АҚШ пен Қытайдағы зауыттарына қор жасау үшін Штутгарттың Унтертюркхаймындағы құю зауыттарында құйылған қосымша бөлшектер жасап жатыр. Компанияның өндіріс басшысы Йорг Бурцер бұл қорлар, егер Германияда табиғи газдың жетіспеушілігінен мұндағы өндіріс тоқтайтын болса, Алабама мен Бейжіңдегі зауыттарда жұмысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді деп санайды.

«Не болатынын нақты білмейсіз, ол қыстағы температураға байланысты», — деді Йорг Берзер Bloomberg-ке берген сұхбатында. — Біз Қытай мен АҚШ-қа жіберетін қорларды ұлғайттық».

Агенттіктің пікірінше, неміс өндірушілері газдың ықтимал мөлшерленуіне тездетіп дайындалуда, өйткені үкімет үй шаруашылықтары мен маңызды салаларда тапшылық тудырмаудың қамында. Украинадағы жағдайдың салдарынан, сондай-ақ «Солтүстік ағын»-дағы 4 тармақтың 3-еуі істен шыққандықтан, ресей газын жеткізу күрт азайып кетті. Еуропаның экономикасы газ қоймаларын толтыруға кірісіп, қыс түскенше балама газ жеткізу көздерін іздеп жатыр.

Дегенмен осы аптада Германияда газды қорландыру деңгейі 90%-дан асып, соңғы күнде газды қатаң түрде мөлшерлеуге қатысты алаңдаушылық аздап бәсеңдеді. Ресей газына қатты тәуелді бұл ел Катар, Сауд Арабиясы мен Бірлескен Араб Әмірліктерімен газ бен сутегін жеткізуге мәміле жолдарын қарастыруда.

Жеткізудегі тәуекелдерден бөлек, өнеркәсіп энергия тасығыштар бағасының өсуіне байланысты өзіндік құнның күрт қымбаттауына тап болып отыр. Тамызда өндірушілердің бағасы 46%-ға өсіп, бұл алдағы уақыттағы бәсекеге қабілеттілігіне үлкен қауіп төндірген еді.

Йорг Берзер Bloomberg-ке Mercedes-тің газ тұтынуды қазірдің өзінде 10%-ға қысқартқанын және қажет болған жағдайда оны екі есеге қысқартуы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, күрделі жағдай кезінде компания газды әдеттегі тұтынуының 10% шамасында жеткізіп тұруы қажет.

«Газ жетіспеушілігі туындайтын төтенше жағдайда газ тұтынудың айтарлықтай бөлігін қазба отынымен өндірілетін энергияны жеткізумен алмастыра аламыз — ауысудың бұл тәсілі әзірленіп қойды және жұмысқа дайын, — деп санайды Йорг Берзер. — Бізде әдеттегі газ қоры 0% болатын жағдай туындамайтынына сенімдіміз».

Компанияның 25 адамнан тұратын энергетикалық дағдарыс жөніндегі мақсатты тобы газды мөлшерлейтін жағдайда қауіп төнуі мүмкін жеткізушілерді анықтап, өндірістерін Германиядан тысқары жерлерге әкетуі жөнінде келіссөздер жүргізуде.

«Оңтүстік, оңтүстік-батыс Еуропада газ жеткізу тәуекелі тұрғысынан келгенде айырмашылық бар. Егер жеткізушілерімізде өндірісін көшіретін мүмкіндік болса, біз оларға жүгінетін боламыз», — деп мәлімдеді Йорг Берзер. Оның айтуынша «ол газды қажет ететін пластмасса, шыны, құю цехтарына қатысты болмақ».

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
30.09.2022, 10:22