Меню CARMA.KZ

KIA корея нарығында сауда бойынша алғаш рет Hyundai-ды басып озды

Екі көлік өндірушісі де Hyundai Motor Group компаниялар тобының құрамына кіреді.

KIA корея нарығында сауда бойынша алғаш рет Hyundai-ды басып озды / Фото: drom.ru
KIA корея нарығында сауда бойынша алғаш рет Hyundai-ды басып озды / Фото: drom.ru

2022 жылдың тамызында KIA оңтүстіккорея нарығында 37,4 мыңдай автмобиль сатты. Бұл 36 мыңдай көлік сатқан Hyundai мен оның суббренді Genesis-тің саудасын қосқандағыдан көп.

KIA Sorento мен K8 модельдерінің (әрқайсысы 45% және 42%) саудасы жақсы болғандығымен табысқа жетіп отыр. Компания аталған модельдерді көптен шығарып, нәтижесінде сатып алушылардың күту кезегі 6-8 айдан 2-3 айға қысқартты.

«KIA жартылай өткізгіштерді жеткізу тізбегін жақсы басқарудың арқасында өндірістегі іркілістерді жоя алды», — деп мәлімдеді Chosunilbo басылымының дереккөзі.

Genesis моделінің саудасын қоса есептегенде автомобильдерді сату бойынша KIA Hyundai-дан алғаш рет озып кетіп отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша да KIA корея нарығында Hyundai-дың алдына шығып кеткен, бірақ ол кезде суббрендінің саудалаған көліктері есепке алынған жоқ.

Жалпы Оңтүстік Кореяда тамыз айында ең көп сатылған бренд BMW болды. Ол 7,3 мың көлік сатқан. Айдың қорытындысы бойынша компания Mercedes-Benz-тен озып кетті. Барлығы 2022 жылдың 8 айында BMW Оңтүстік Кореяда 50,3 мың көлік сатса, Mercedes-Benz 50,6 мың ғана сатқан.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
07.09.2022, 08:30