Меню CARMA.KZ

General Motors Қытайға арнап бюджеттік кроссовер дайындап жатыр

GM және SAIC бірлескен кәсіпорнының жаңа моделі өлшемдері жағынан Daewoo Matiz-ге ұқсас келеді.

General Motors Қытай үшін бюджеттік кроссовер дайындап жатыр / Baojun
General Motors Қытай үшін бюджеттік кроссовер дайындап жатыр / Baojun

General Motors және SAIC бірлескен кәсіпорнына кіретін Baojun компаниясы ішкі нарыққа арналған шағын кроссоверін таныстырды, деп хабарлайды motor.ru ресурсы.

Атауы қытай тілінен «Бағалы тұлпар» деп аударылатын Baojun, ішкі нарықты Suzuki Jimny-ге ұқсайтын, бірақ өлшемі жағынан кішкентай, шанағы қырлы екі есікті болып келетін шағын кроссовермен толықтыруға ниетті. Егер жапондық үлгінің ұзындығы 3,6 метр болса, ал қытайлық жаңа өнім Daewoo Matiz азлитражы секілді 3,4 метрді құрайды. Бензинмен жүретін екі модельге қарағанда, жаңа кроссовер электрлі болады.

Қытайлық БАҚ-тың айтуынша, жаңа кроссоверге жалпы қуаттылығы 109 ат күші болатын екі электр қозғалтқышы орнатылады. Тартым батареясының сыйымдылығы 31,9 киловатт-сағатты құрайды. Бұл автомобильдің бір қуаттаумен 300 шақырымға дейін жүруіне мүмкіндік береді. Baojun-нің жаңа моделі әдеттегі жол талғамайтын көліктің өлшемдерімен жасалады. Атап айтсақ, қысқа асылмалы шанақ, рейлингі бар төбе, алдыңғы қара тіреу және боялмаған бамперлер қарастырылған.

Жаңа көліктің есіктері үлкен көрінеді. Демек, осьтердің ара-қашықтығы қысқа болса керек. Радиатор торының орнындағы алдыңғы бітеуіш шамдардың жарықдиодты «нүктелерімен» біріктірілген және артқы жағында дөңгелектенген тікбұрышты шамдар ерекше көрініс береді. Кроссоверді 2023 модельдік жылына жататын Baojun KiWi шағын электромобилінің нарықтық дебюті кезінде жариялады. Демек ол Қытайдағы аса сұранысқа ие Wuling Hongguang Mini EV электрлі көлігінің тұғырында жасалады деп болжауға болады.

Қытайда Wuling Hongguang Mini EV электрокары саудасы бойынша, тіпті танымал «Тесла» моделін басып озады. Қарапайым төрт орынды Hongguang Mini EV үшін 32,8 мың — 44,8 мың юань (2,2 млн — 3 млн теңге), ал оның Game Boy стильдік нұсқасы үшін 55,8 мың — 69,8 мың юань (3,8 млн — 4,7 млн теңге) сұрайды. Baojun шағын кроссоверінің бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Жаңа модель 2022 жылдың қарашасында Гуанчжоу автосалонында таныстырылады деп жоспарланып отыр. Ал оны Аспанасты елінде келесі жылдың басынан саудаға шығаруға ниетті.

Айта кету керек, Қытайда шағын электрокарларға белгілі бір сән пайда болды. Мәселен биылғы жазда қытайлық Changan автомобиль өндірушісі Lumin электрлі көлігін ішкі нарықта «мультфильм» үлгісінде шығарды. Оның радиатор торы адамның күлімсіреген бейнесін келтірсе, ал үстінгі жағында кішкентай бітеуіші бар дөңгелек шамдар қабағы түсіңкіреген көзге ұқсайды. Бұл көлік Baojun-дің жаңа моделінен де ықшам. Оның ұзындығы небәрі 3,3 метрді құрайды, ал Lumin-нің құны 48,9 мың юаньнан (3,3 млн теңге) басталады.

Бұл электрокардың қозғалтқышы 41-күштік болып келеді. Сонымен қатар, тұтынушыларға аккумулятор сыйымдылығының (12,9-дан 38 киловатт-сағатқа дейін) үш нұсқасын таңдауға болады. Жүріс қоры «электробак» нұсқасына қарай 155-тен 301 шақырымға дейін барады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
21.09.2022, 12:29