Меню CARMA.KZ

Еуропаның көлік нарығы 13 айда алғаш рет өсім көрсетті

Дилерлер 2022 жылдың тамызында 650 мың жаңа автомобиль сатқан.

Еуропаның көлік нарығы 13 айда алғаш рет өсім көрсетті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Еуропаның көлік нарығы 13 айда алғаш рет өсім көрсетті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Еуропа нарығы коронавирус індеті салдарынан әлі қалыпқа келу үстінде. 2022 жылдың тамызында жергілікті дилерлер 650,3 мың жаңа автомобиль сатқан. Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 4,4%-ға көп. Дегенмен сауда деңгейі індетке дейінгі көрсеткішке жақындап қалды.

Еуропалық көлік өндірушілері қауымдастығы (ACEA) тамызда болған сауда өсімі соңғы 13 айдағы алғашқы жағымды көрсеткіш екенін айтады. Оған дейін автомобильдердің сауда көрсеткіші тек құлдыраумен болды. Мәселен, 2022 жылдың шілдесінде жаңа автомобильдердің саудасы маусым айымен салыстырғанда бірден 10,4%-ға төмендеген.

2022 жылдың тамызында Еуропаның басты нарықтарының барлығында саудада өсім болды. Атап айтқанда, Италияда — +9,9%, Испанияда — +9,1%, Францияда — +3,8% және Германияда — +3%.

2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Еуропада алты миллионға жуық жаңа автомобиль сатылған. Алайда сату көрсеткіштері жаңа көлік жеткізудегі қиындықтарға байланысты 2021 жылғы сәйкес кезеңдегіден әлі де болса төмен болып отыр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
17.09.2022, 14:02