Меню CARMA.KZ

«Астана Моторс» топ-менеджерлері компанияның акционерлері атанды

Компания акционерлерінің құрамына Бекнұр Несіпбаев, Руслан Омаров және Анар Мақашева енді.

«Астана Моторс» топ-менеджерлері компанияның акционерлері атанды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
«Астана Моторс» топ-менеджерлері компанияның акционерлері атанды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

«Астана Моторс»-тың негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов компанияның акциялар пакетін топ-менеджерлеріне табыстады. Мұны олардың көп жылдар бойы сіңірген еңбектері деп бағалады. Осылайша «Астана Моторс»-тың құрылымдық жетекшілері Бектұр Несіпбаев, Руслан Омаров және Анар Мақашева «Астана Моторс»-тың акционерлері атанды.

«Астана Моторс» 30 жыл ішінде Қазақстанда және шетелде мыңдаған бейілді клиенттері мен серіктестері бар, тарихы қалыптасқан мықты брендке айналды. Мен бизнесімізді ілгерлетуде жаңа акционерлердің қосқан үлесін жоғары бағалаймын, және олар команданың нығаюына қызмет етеді деп сенемін. «Астана Моторс»-та жоғары дәрежелі мамандар, сарапшылар, болашағы зор топ-менеджерлер өсіп шықты, олармен біз әлі қоғам, бизнес, еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыратын боламыз», — деді Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов.

Компанияның жаңа акционерлерінің басшылық етуі арқасында «Астана Моторс» дамудың жаңа деңгейіне шықты, шетелдік серіктестерімен ынтымақтасып, ел экономикасын арттыруға бағытталған жаңа жобаларды жасап, жүзеге асырады, деп жазады Forbes Kazakhstan.

2022 жылдың наурызында Hyundai Motor Company вице-президенті Санг Мин Мун «Астана Моторс»-тың басқарма құрамына енгені белгілі болды. Ол оған дейін өндірістік технологиялар департаментін басқарып, Чанчжоудағы (ҚХР) зауыт директоры, Beijing Hyundai (ҚХР) зауытында өндіріс жөніндегі департамент директоры қызметтерін атқарған еді.

CARMA.KZ порталының деректері бойынша, 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында «Астана Моторс» Қазақстанда 16,8 мың жаңа автомобиль және 5,6 мың жүрілген автомобиль сатқан.

Компания жалпы 2022 жылы 4,8 мың көлік құралын сатуды жоспарлап отыр.

Қызметкерлерін ынтыландыру үшін және көтермелеу ретінде компания акцияларын сыйлау әлемде бар тәжірибе. Мысалы, The Hut Group компаниясының негізін салушы Мэтт Молдинг 2010 жылдан бері өзінің қарамағындағыларды компанияның ортақ иегері етумен келеді. Ол қызметкерлерге жалпы сомасы 1,66 млрд доллардың (786,6 млрд теңге) акциясын сыйлаған.

Акция алғандардың арасында қойма жұмыскерлерінен бастап менеджерге дейін бар. Мэтт Молдинг кез келген компанияның табысқа жетуі қызметкерлерінің сіңірген еңбегінің арқасы деп санайды. Ол The Hut Group кез келген басқа бір британ корпорациясынан да көп миллионер шығарғанын айтады.

Бұл жерде USM Holdings-тың ортақ иегері Әлішер Османовты да мысал етуге болады. Ол 2018 жылдың желтоқсанында USM Holdings-тың 10% акциясын компанияның топ-менеджерлеріне сақтап қойды.

«Мен бүгін өз пакетімді менеджменттің қолына, осы істі әрі қарай жалғастыруы үшін табыстағалы отырмын. Олар жас, қолдарынан іс келетінін көрсетті», — деп мәлімдеді Османов Forbes-қа берген сұхбатында.

Басылымның деректері бойынша, қазірдің өзінде 3% акциясын иеленетін USM Management-тің бас директоры Иван Стрешинскийдің үлесі жақын арада өседі.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
09.09.2022, 14:21