Toyota, Volkswagen және Hyundai әлем бойынша саудада көш бастады
Аталмыш брендтердің 2022 жылғы жиынтық сауда көлемі 12,5 млн бірлікті құрады.
2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлемде 5,13 млн Toyota, 4 млн Volkswagen және 3,29 млн Hyundai автомобилі сатылған. Бұл брендтер әлем бойынша ең көп сатылған үштікті құрайды.
Төртінші және бесінші орындарды Renault-Nissan-Mitsubishi альянсы (3,14 млн) мен Stellantis (3,03 млн) еншілейді, деп жазады Chosunilbo.
Сарапшылар Hyundai компаниясы чиптердің тапшылығына қарамастан автомобильдерге сұранысты қамтамасыз етіп, АҚШ пен Еуропаның электромобильдер нарығына шығудың арқасында саудада табысқа жетті деп түсіндіреді.
Қазір Hyundai Еуропада экологиялық таза көліктер сату деңгейі бойынша 3-орынды иеленеді. Жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, кореялық компанияның үлесі 11,5%-ды құрайды. Сондай-ақ Hyundai АҚШ-та электромобильдер сатуда 2-орында тұр. Ол тек Tesla-ға жол беріп отыр.
Hyundai әлем бойынша 556,9 мың эколгиялық таза автомобиль сатты. Оның 143,6 мыңы электромобиль болса, 24,9 мыңы сутегі қозғалтқышты автомобиль және тағы 388,3 мыңы гибрид көлік.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
18.08.2022, 09:23