Ресейде жаңа автобустардың бағасы өсіп барады
Ресейде жаңа автобустардың орташа құнының шарықтау шегі наурыз айында байқалды.
2022 жылдың маусым айында Ресейде жаңа автобустардың орташа құны 5,2 млн рубльді (42 млн теңге) құрады. Бұл қаңтарға қарағанда 200 мың рубльге көп.
Өнеркәсіп ақпараты ұлттық агенттігінің (Ресей) дерегі бойынша, құнның шарықтау шегі наурызда байқалған. Ол айда жаңа автобустар орташа алғанда 6,6 млн рубль (53,4 млн теңге) тұрды.
Сәуір мен маусым аралығында шетелдік брендтердің автобустары бойынша ұсыныстардың азаюына байланысты, сондай-ақ отандық маркалар бойынша бағаларға түзету енгізілгендіктен орташа құн төмендеген.
Оған қоса ұсталған автобустардың бағасы қымбаттаған. Егер қаңтарда орташа құны 1 млн рубль (8 млн теңге) болса, ал маусымда 1,3 млн рубльді (10,5 млн теңге) құрады. Яғни 28,7%-ға өскен.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.08.2022, 15:30