Меню CARMA.KZ

Қытайлық жүргізушілер DMS жүйесі тарапынан кемсітушілікке шағымданды

Жүргізушілердің шаршаңқылығын бақылау жүйесі Қытай елі жүргізушілерінің бет әлпетіне өзінше әсер етіп жүр.

Қытайлық жүргізушілер DMS жүйесі тарапынан кемсітушілікке шағымданды / Фото: motor.ru
Қытайлық жүргізушілер DMS жүйесі тарапынан кемсітушілікке шағымданды / Фото: motor.ru

Қытайлық көлік айдаушылар жүргізушілердің электронды «көмекшісі»  деп алатын DMS жүйесіне шағым айтуда, деп хабарлайды ресурс car.ru.

Жүргізушінің шаршаңқылығын бақылау жүйесінің кең таралған реакцияларының бірі — егер жүйе жүргізуші қалғып кетті деп ұйғарса, моторды сөндіріп тастайды. Осылайша, қытайлықтардың табиғатындағы қысық көзін DMS жүйесі жүргізуші ұйықтап кетті немесе қалғып-шұлғып келеді деп қабылдап, шамдарына тиіп тұр.

Қытайлық Weibo танымал әлеуметтік желісінде қауіпсіздік жүйесінің дәл осы себеппен қосылатындығына шағымдар көбейіп барады: Қытайдың көлік жолдарында автомобильдер өз беттерінше тоқтап, сөніп қалатын оқиғалар жиілеп кеткен.

Бір қызығы әлгі «кемсітушілік» жасаушы қауіпсіздік жүйесін қытайлықтардың өздері ойлап тапқан. Оны Xpeng компаниясы өз автомобильдеріне орнатады. Блогерлер өздерінің кейбір посттарында құралды әзірлеуші фирманың басшысы Хэ Сяопеньді белгілеп өтіп, ол қарша бораған жазбалардан соң бұл жағдайды ретке келтіруді уәде еткен.

Бүгінде Қытайдың көлік жолдарында көлік тізгіндеушілерді мониторингілейтін арнайы жүйемен жабдықталған көліктер көбейіп келеді: былтыр жылдың соңына дейін 540 мың автомобильге DMS орнатылған, бұл 2021 жылдың соңымен салыстырғанда 230%-ға көп.

XPeng Motors атауымен автомобиль бизнесін жүргізетін Guangzhou Xiaopeng Motors Technology Co Ltd компаниясы электромобиль шығаруға маманданған. Компанияның штаб-пәтері Гуанчжоу-да орналасқан, Маунтин-Вью-де (Калифорния, АҚШ) кеңсесі бар. Компанияның акциялары Нью-Йорк қор биржасында саудаланады.

Биылғы сәуірде XPeng DMS жүйесімен жарақтандырылған Р5 электрлі седанын Еуропада сатуды бастағанын мәлімдеген еді. Tesla Model 3-тің қытайлық бәсекелесі одан 4 мың еуроға арзан. Электромобильге Норвегия, Дания, Швеция және Нидерландыда тапсырыс жасауға болады.

Аталған елдерден қауіпсіздік жүйесі тарапынан кемсітушілікке жол берілгендігіне әзірге шағым түспепті.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
02.08.2022, 12:40