Меню CARMA.KZ

Land Rover классиканың санаулы мөлшерін шығарады

Британдық автоөндіруші модельдің соңғы модификациясынан үш есе қымбат 25 дана классикалық жол талғамайтын Defender шығармақшы.

Land Rover классиканың санаулы мөлшерін шығарады / Фото: carlabnews.com
Land Rover классиканың санаулы мөлшерін шығарады / Фото: carlabnews.com

Британдық «премиум» санаттағы жол талғамайтын Land Rover Classic көліктерін өндірушінің бөлімшесі классикалық Defender-дің Defender Works V8 Trophy II кезекті лититті сериясын шығаруды бастағанын жария етті, деп хабарлайды autostat.ru ресурсы.

Басылымның деректері бойынша, барлығы осындай 25 жол талғамайтын көлік шығарылады. Олардың әрбірінің құны 225 мың фунт стерлинг тұратын болады (қазіргі бағам бойынша 130,6 млн теңге). Бұл заманауи Defender-дің 67,7 мың фунт стерлингтен (39,5 млн теңге) басталатын бағасынан үш есе қымбат. Барлық жолға арналған бұл көлік Land Rover-де 1983 жылдан бастап 2016 жылдың қаңтарына дейін шығарылып келді, алайда былтыр компания мұндай жол талғамайтын көліктердің Works V8 Trophy модификациясының бар болғаны 25 бірлігін ғана шығарған және олардың барлығы үш күн ішінде сатылып кетті.

Қазір британдық өндіруші былтырғы саудадағы бағын тағы бір сынап көргісі келіп, Works V8 Trophy II арнайы сериясын таныстырды. Ол 2012-2016 жылдары аралығында техникалық жетілдірілген Defender базасында құрылды. 2022 жылғы Defender-де турбодизель 405 ат күшіне тең 5-литрлік бензинді V8 атмосфералық қозғалтқышымен алмастырылды. Мотор 8-сатылы гидромеханикалық ZF автоматпен және 2-сатылы беріліс қорабымен жұмыс істейді.

Сонымен қатар Defender-2022-де орталық дифференциал пайда болды, ол жетек білігінен шығатын сәтті екі тәуелсіз ағынға бөледі, содан кейін олар жетек осьтерінің беріліс қораптарына беріледі. Сондай-ақ аспалар және рульдік басқару жаңартылған. Автомобиль баспалдақсыз күштік табалдырықпен және 18-дюмдік қара дискілермен, экспедициялық жүксалғышпен, қосымша жарықтандыру блогымен, шығырмен және артқы тіркеу ілмегімен жаңғыртылған.

Көлікті сырттай камуфляжды түсінен тануға болады: сурет елдер мен құрлықтардың контурынан құрастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Defender 1983 жылы Land Rover Series-тің орнына келді. Ол 1948 жылдың 30 сәуірінен бері шығарылып келді және оның дизайнынан америкалық әйгілі Willys MB әскери джиптарының нақыштарын көруге болатын. Соңғы сериялық Land Rover Defender Ұлыбританиядағы конвейерден 2016 жылдың 29 қаңтарында шықты және модель өндірістен біржолата алынғандай болған, бірақ 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Франкфурттегі автосалонда Land Rover Defender (L663) жаңа моделі таныстырылды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
08.08.2022, 13:00