Меню CARMA.KZ

Hyundai Ioniq 6 EV Оңтүстік Кореяда алдын ала сатылымнан рекорд орнатты

Электромобильдің жаңа моделі 2022 жылы қыркүйекте шығады.

Hyundai Ioniq 6 EV Оңтүстік Кореяда алдын ала сатылымнан рекорд орнатты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Hyundai Ioniq 6 EV Оңтүстік Кореяда алдын ала сатылымнан рекорд орнатты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Hyundai Ioniq 6 EV Оңтүстік Кореяда алдын ала сатылым бойынша рекорд жасады. Оған алдын ала тапсырыс қабылдаудың алғашқы күнінде 37,5 мың өтінім түскен.  

Бұған дейінгі рекордты Ioniq 5 жасаған болатын (23,8 мың өтінім). 2021  жылға дейін алдын ала тапсырысты бірінші күні ең көп жинаған 4 буын Kia Carnival болды. Демек оңтүстіккореялық көлік иелері электромобильдерге ауысып жатыр деген сөз.

Ioniq 6-ның екі түрлі жиынтығына тапсырыс беруге болады. Оның барлық салықты төлегеннен кейінгі бағасы 38,7 мыңнан 45,7 мың доллар аралығында (18 млн-нан 21,3 млн теңге аралығында), деп жазады Chosunilbo.

Сарапшылар сериялық автомобильдердің арасында Ioniq 6-ның ерекшелігі — оның  жоғары аэродинамикалық сипаттамаларында деп атады. Автомобиль үстеме қуатсыз 524 шақырым жүріп өтеді. Мұндай көрсеткіш әзірге ешбір электробильде жоқ.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.08.2022, 14:47