Меню CARMA.KZ

General Motors Қазақстанда автомобиль өндірісін дамытпақшы

Жоспар General Motors, Allur және «Өзавтоөнеркәсіп»-тің үшжақты серіктестігімен іске асады.

General Motors Қазақстанда автомобиль өндірісін дамытпақшы / Фото: FBC.ua
General Motors Қазақстанда автомобиль өндірісін дамытпақшы / Фото: FBC.ua

Қазақстанға іссапармен келген GM International-дың вице-президенті Джонни Салдан мен «Өзавтоөнеркәсіп» АҚ-ның басқарма төрағасы Шавкат Өмірзақов қазақстандық Allur компаниясының басшыларымен кездесті. Тараптар отандық автомобиль өндірісін дамыту үшін алдағы 10 жылға арналған үшжақты серіктестік жоспарын құрды.

Ынтымақтастық аясында өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамыту және Қостанай қаласындағы өндірістік алаңда жерсіндіруді тереңдету, сондай-ақ ең алдымен Қазақстанда техника тапшылығын жоюға қатысты өңірдің автомобиль нарығындағы қазіргі сынақтарға қарсы шараларды іске асыру жоспарланды.

Бұған дейін АҚШ-та өзбектің UzAuto компаниясы мен General Motors концерні арасында келіссөздер аяқталған болатын. Тараптар Өзбекстандағы 3 зауытта 2023 жылдан бастап жылына 500 мыңға дейін автомобиль шығаруға келісті. Өндіріс көлемінің ұлғаюы автомобильге түзілген кезекті азайтуы тиіс, алайда жаңа жобаның қашан іске асатынын ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ.

General Motors Өзбекстанда шығарылмайтын басқарушы микросхемалар мен борт электроникасын іркіліссіз жеткізіп тұруды ұйымдастыратын болады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
25.08.2022, 16:43