Changan қазақстандық нарыққа шықты
Жылдың соңына дейін елімізде оның 10 дербес автосалоны пайда болады.
Қытайдың Changan бренді қазақстандық нарықты одан әрі игеруді жоспарлап жатыр. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қостанай қалаларында бұл марканың автомобильдерін сатумен бұған дейін нарықтың басқа қатысушылары айналысты, ал автомобильдер ресейлік Changan дистрибьютерімен серіктестік аясында жеткізіліп тұрды. Автомобильдерді Қытайдан «Астана Моторос» ҚМК тікелей жеткізетін болады.
Changan брендінің алғашқы автомобилі Алматыдағы Mycar Kuldzhinka автоорталығында 2022 жылдың қыркүйегінде-ақ пайда болады деп күтілуде. Бұдан кейін машиналар Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент және Алматыдағы екінші автоорталықта сатыла бастайды, ал 2023 жылы Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында саудаға шығады.
Қытайлық компанияның Қазақстандағы серіктесі — «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Silkway Auto Kazakhstan. Тиісті келісімдерге жуырда ғана қол қойылды.
«Changan International Corporation — ғасырлық тарихы бар, орасан зор сауда көлеміне ие автоөндіруші. Ол әлем бойынша 20 млн автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания болып табылады. Changan-ның әлемге танымалдығы, қазақстандық нарықта бәріміз бірге брендтің табысты жолын түзетінімізге сенімділік ұялатады», — деп мәлімдеді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Модельдер қатарынан CS35Plus және CS55 шағын кроссоверлері, CS75FL орташакөлемді кроссовері, сондай-ақ Changan брендінің технологиялық жағынан бетке ұстары, Туриндегі (Италия) Еуропалық дизайн-бюро әзірлеген UNI-K кроссовері ұсынғалы отыр.
Changan International Corporation — Қытайдың автомобиль жасаушы ірі концерндерінің бірі. Қытайдың автомобиль өндірушілері қауымдастығының дерегі бойынша, ол Аспанасты елінің барлық брендтерінің арасында сауда деңгейі бойынша бірінші орынды еншілейді, ал оның соңғы 16 жыл көлемінде зерттеу және дамытуға құйған инвестиция көлемі концерннің әлемдік табысының 5%-дан астамын құрайды.
Компанияның әлемнің 6 еліндегі мамандандырылған ғылыми-зерттеу және дизайнерлік 9 орталығы бірлесіп, әлемнің 70-тен астам елінен сатып алушылар үшін автокөліктер жасайды.
Changan халықаралық корпорациясы әлемнің жетекші жоғары технологиялық компанияларымен бірнеше жұмыс одақтарын құрды. Автоконцерн 2025 жылға қарай жылына 3 миллион, оның ішінде электромобильдердің үлесін 35%-ға жеткізе отырып, автокөлік сату жаһандық жоспары бар. 2030 жылға қарай жылына 4,5 миллион дана сатылымға жетуді жоспарлап отыр, оның ішінде электромобильдердің үлесі 60% құрайды.
Ербол Казистаев, корреспондент
11.08.2022, 14:33