Меню CARMA.KZ

BYD Өзбекстанда автомобиль шығарады

Жобаны UzAuto кәсіпорнының қуатымен жүзеге асырады.

BYD Өзбекстанда автомобиль шығарады / Фото: av.by
BYD Өзбекстанда автомобиль шығарады / Фото: av.by

Қытайдың BYD автомобиль өндіруші компаниясы машина шығаруды 2022 жылдың соңына дейін жолға қоймақшы. Ол мұнда көлік құрастырумен емес, өндірістің толық циклын құрып, автомобиль негізгі құрамдастарын өндірумен айналысқалы отыр.

Жоба жергілікті көлік өндіруші ірі кәсіпорын саналатын UzAuto зауытының қуатымен жүзеге асады. Өзбек тарапы BYD-пен ынтымақтастық тек саланың емес, жалпы экономиканың дамуына ықпал етеді деп отыр, деп жазады «Қытай автомобильдері» порталы.

«Әлемде R&D (research and development) бойынша біздің жаңа әріптесімізбен теңесе алатын санаулы ғана өндіруші бар. Елімізде BYD-тың жаңа технологияларын игеретін тәжірибелі мамандар мен қабілетті жастар жеткілікті деп ойлаймыз», — деп атап өтті «Узавтосаноат» АҚ басқарма төрағасы Шавкат Өмірзақов.

«Узавтосаноат» басшылығы бастапқыда BYD автомобильдерінің толық циклы — штамптау, дәнекерлеу, бояу, құрастыру жұмыстары орындалатынын айтты. Сондай-ақ келісімнің талаптарына сәйкес келесі кезеңдерде қозғалқыштар, электрлі қозғалтқыштар, автомобильдерге арналған аккумулятор батареяларын шығару ұйымдастырылады.

BYD үшін бұл Қытайдан тыс жерде жүзеге асқалы жатқан алғашқы жоба. Қытай-өзбек тұңғыш автомобилі 2022 жылдың IV тоқсанында пайда болады. Алайда BYD-тың нақты қандай модельдерді шығарғалы отырғаны әзірге белгісіз. Анығы, автомобильдер өзбек нарығына икемделеді — ақпараттық-ойын-сауық жүйесі орысша болады.

Бір болжам бойынша, BYD Өзбекстанда Song Plus DM-i, Song Pro DM-i және BYD Destroyer 05 автомобильдерін шығармақшы.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.08.2022, 12:08