Жеңілдетілген несие бағдарламасына бөлінген 100 млрд теңгенің 90 млрд-ы игерілді
Қазіргі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер мақұлданған өтінімдер бойынша автонесиелерге қорытынды ресімдеулер жүргізілуіне байланысты қаржыландыру лимитін босатқанға дейін өтінімдер қабылдауды тоқтатып қойды.
Өнеркәсіпті дамыту қорының (ӨДҚ) хабарлауынша, бағдарламаға қатысушы банктер биылғы 13 шілдедегі есеп бойынша 90 млрд сомаға 11 825 өтінімді мақұлдап, олар бойынша жалпы сомасы 59 546 млрд теңгенің 7 852 автомобилін берген. Атап айтсақ:
- «Еуразиялық Банк» АҚ сомасы 25,4 млрд теңгенің 3 248 өтінімін мақұлдаған;
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ сомасы 27,7 млрд теңгенің 3 647 өтінімін мақұлдаған;
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ сомасы 23,1 млрд теңгенің 3 009 өтінімін мақұлдаған;
- «ForteBank» АҚ сомасы 14, 4 млрд теңгенің 1 921 өтінімін мақұлдаған.
ӨДҚ мәлімдеуінше, нәтижесінде банктер қаржыландыру лимитін толықтай игерген. Сонымен қатар, «Еуразиялық Банк» АҚ сомасы 10 млрд теңгенің кезекті траншын алу шараларын бастап кетті. Ол келесі айда аяқталады деп көзделген.
Өнеркәсіпті дамыту қорының хабарлауынша, «босатылған лимиттер аясында қаражат болған жағдайда қатысушы банктер өтінім қабылдауды қайта жандандыруды жоспарлап отыр».
Жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Бағдарламаны жасаушылардың ойынша, лимит толықтай игерілген соң автонесиелер беру револьверлік механизм негізінде жүретін болады. Яғни алдыңғы лекте қарыз алушылардың несиені өтеу төлемдері түсе бастауы керек. Осыдан соң барып қатысушы банктер автонесие бойынша өтінімдерді жинақтауды бастайтын болады.
Вадим Григорьев, журналист
15.07.2022, 18:27