Ресейде сутегі қозғалтқышты электромобиль таныстырылды
Жаңа электрлікроссоверді әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін өндірумен айналысатын компания жасап шығарған.
Ресейдің «Алмаз-Антей» мемлекеттік концерні сутегі қозғалтқышты E-Neva электромобилінің прототипін таныстырды. Оны әзірлеушілердің сөзінше, кроссовер үстеп құйғанға дейін мың шақырым жүріп өте алады. Жақсартылған жиынтықталуына аккумулятор қосылады, ол кезде машина тағы 800 шақырым жүріп өтеді.
Электромобильдің максималды жылдамдығы сағатына 180 шақырымды құрайды, 8,5 секунд ішінде машина жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін үдете алады.
Бірқатар БАҚ E-Neva-ның сериялық өндірісі 2024 жылы басталады деп хабарлады, алғашқы жылда осындай 25 мың автомобиль шығару көзделген.
E-Neva 2016 жылы іске қосылған әртараптандыру жобасы аясында әзірленді. Сол кезде Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына азаматтық және қосарлы мақсаттағы өнімдердің үлесін 2030 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды тапсырған болатын.
E-Neva-ны әзірлеу 2019 жылы басталды. Онымен «Обуховский зауыты» мен Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті айналысты.
Vecto market research маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер агенттігінің бас директоры Дмитрий Чумаков «Коммерсантъ FM»-ға өзге электрокарлармен салыстырғанда E-Neva-ның артықшылықтары туралы айтып берді.
«Бұл өте тартымды және харизмалық көрінетін заманауи кроссовер. Әрине, ол спорткарға жатпайды. Есесіне автомобильдің жүріс қоры үлкен, ол пайдаланудың қай кезеңінде де экологиялық талапқа сай. Өзге электромобильдермен салыстырғанда оның артықшылығы осында», — дейді Дмитрий Чуваков.
Autonews.ru порталы бас редакторының орынбасары Денис Смольяновтың айтуынша, қазір басты мәселе сериялық өндірістің қашан басталатындығы болып тұр.
«Сериялық өндіріс туралы айту әзірге ертерек. Бәсекелестердің деңгейінде сипаттамасы өте жақсы, бірақ олардан озып кетпеген. Бұл автомобиль осы күзде сериялық өндіріледі деп айтатын болса, қызықтысы да сол болар еді. Бірақ ол болмайды», — деп санайды Денис Смольянов.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары автомобиль иелерінің арасында электромобильдерге сұраныс артқан. Мәселен, 20222 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Еропада электрокарлардың саудасы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,7%-ға өскен.
Ербол Казистаев, корреспондент
18.07.2022, 16:49