Қытайлық Chery-дің Jetour суббренді Қазақстан нарығына көз тікті
2026 жылға қарай Chery Commercial Vehicle компаниясының жаңа кәсіпорны 1 миллионға дейін автокөлік шығаруды жоспарлап отыр.
2018 жылы Chery Commercial Vehicle компаниясы кроссоверлер, универсалдар мен электромобильдер шығару үшін құрылған Chery Automobile-дің Jetour еншілес кәсіпорны Қазақстан мен Ресей нарығына шығуды көздейтін «Travel +» даму стратегиясын таныстырды.
«Ресейдегі қытай автомобильдері» ресурсының мәліметі бойынша Chery Automobile компаниясының «еншілесі» экспорттық нарықтарды қоса алғанда, 2026 жылға қарай жыл сайын 1 млн автокөлік сатуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Jetour Еуропада, сондай-ақ Оңтүстік Америкада және Африкада сауда орталықтарын ашып қойды. Суббренд келесі жылы экспорт аумағын 60 елге дейін кеңейтіп, жылына 200 мың автомобиль жеткізіп тұрғысы келеді.
«Travel +» стратегиясында Jetour-дың игеруді көздеген нарықтары арасында Жапония, Бразилия, Мексика, Ресей және Қазақстан бар, ал компанияның осы нарықтардың әрқайсысына қашан және қандай үлгілермен шығуды көздеп отырғаны айтылмайды. Дегенмен, жақын арада Jetour бренді өзінің модельдік желісін «4+3+N»: төрт кроссовер, үш жол талғамайтын көлік және гибридті автомобильдер (NEV, жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін автомобильдер) тәсілі бойынша дамытатыны мәлім болды.
Модельдер желісінің негізін құрайтын екі кроссовер — Jetour X70 және X90 қазірдің өзінде нарықтарда бар. Енді олардың қатарына Jetour Dasheng (X-1) және Jetour X-2 қосылады. Dasheng нарыққа 2022 жылдың үшінші тоқсанында шығуы керек, оның бензиндік нұсқасы Chery 1,5 және 1,6 литрлік қондырғылармен жабдықталған. Гибридті нұсқасы кейінірек пайда болып және аталған бас компания оған Kungpeng e + орнатып ұсынады.
Атауы әзірге беймәлім модель нарыққа 2023 жылы шығуы керек, бірақ әзірге оның сипаттамалары белгісіз. Жол талғамайтын көліктер T1, T2 және T3 кодтық атауларымен үш автокөлік түрінде ұсынылады, ал Jetour T1 қазірдің өзінде көрсетілген T-X концептуалды жол талғамайтын көлік негізінде жасалып, ол жақтау құрылымына, бейімделгіш аспа және 1.6 және 2 литрлік Chery қозғалтқыштары негізінде күштік құрылымға ие болады.
T1 Қытай нарығында 2023 жылы пайда болады, оның негізгі бәсекелестері Tank брендінің өкілдері болмақ, тағы екі модификация 2023 жылдан кейін пайда болады. Jetour таныстырғандай, 2025 жылға қарай сол топқа екі пикап (P2, P3) және бір жұп минивэн (V2, V3) кіреді. Jetour-дың өмірге келетін гибридтерінің саны, қашан таныстырылатыны айтылмайды, тек «аралас» нұсқалар Dasheng және T1 үлгілерін еншілейтін мәлім. Десек те, Jetour 2024 жылға қарай «жасыл» брендке айналуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, биылғы жылдың екінші тоқсанында Ресейде сатып алушыларға қытайлық автокөліктерді ұсынатын дилерлік орталықтардың саны күрт өсті: еуропалық және американдық автобрендтердің Ресей Федерациясынан кеткен тұста қытайлық автоөндірушілер ресейлік серіктестермен 50-ден астам жаңа келісімшартқа отырды. Сонымен қатар, Jetour компаниясының бас компаниясы Chery Automobile-дің қазірдің өзінде Ресейде 150-ден астам дилерлік желісі бар.
Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында елде қытайлық автокөліктерге қызығушылық артты: Қостанайда құрастырылған JAC автокөліктерінің сатылымы 297 бірлікті немесе жыл басынан бері осы маркадағы автомобильдердің жалпы сатылымының үштен бір бөлігін құрады. Нәтижесінде, JAC мамыр айында елдегі ең көп сатылатын алтыншы бренд болды, мамырдағы осы рейтингте сегізінші және тоғызыншы орындарды Қытайдан экспортталған Chery (мамырда 207 бірлік және 2022 жылдың басынан бері 683) және EXEED (тиісінше 100 және 123) иеленді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша JAC Қазақстанда 1300-ге жуық көлік сатқан.
Егор Васильев, корреспондент
28.07.2022, 09:00