Меню CARMA.KZ

QazTechna зауыты алғашқы нәтижелерін жариялады

Кәсіпорын жыл соңына дейін 700 бірліктен артық техника шығаруды көздейді.

Сарань қаласында орналасқан кәсіпорынның конвейерінен 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қозғалы шектеулі жолаушыларды отырғызып-түсіруге арналған ашпалы аппарельмен жабдықталған тапаледенді автобустар мен электробустардың 260-сын шығарды. Өндірісі 37% жерсіндірілген отандық кәсіпорын былтыр жалпы құны 7 млрд теңгенің 164 автобусын шығарды.

Автобустар мейлінше жайлы әрі қауіпсіз болу үшін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, навигация, бейнебақылау, жолақыны байланыссыз төлеу жүйелері, автобус салоны мен және жүргізушінің кабинасында кондиционер қарастырылған.

Жылдың соңына дейін QazTehna зауыты қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасы аясында 700-ден астам автобус пен электробустар жеткізіп беруді көздеп отыр. Оның ішінде жайлылығы мен қауіпсіздігі жоғары 280 мектеп автобусы Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Атырау, жалпы саны 9 облыстың білім мекемелеріне жөнелтілмек.

QazTechna зауыты алғашқы нәтижелерін жариялады /Фото: QazTechna зауытының баспасөз қызметі
QazTechna зауыты алғашқы нәтижелерін жариялады /Фото: QazTechna зауытының баспасөз қызметі

QazTehna зауытының технологиялық серіктесі жолаушылар техникасын өндіруші Yutong компаниясы. Аталмыш компания QazTehna-ға алдағы бес жылда дербес өндірісін жерсіндіру мен сындарлы біліктілігін 50%-дан жоғары деңгейге өсіруге мүмкіндік бере отырып өндіріс технологиясын табыс етеді.

«Біз Қазақстанда кезең-кезеңмен жерсіндіріп, машина жасау саласын дамыту үшін маңызды технологияларды арттыра отырып және өзге елдерге импорттық тәуелділікті төмендету бойынша дербес өндірістік біліктіліктерді тереңдету үшін

жоғары сапалы өнім жасауға тырысып жатқан жас та, мақсатшыл командамыз», – деді QazTechna бас директоры Арғұлан Майконов.

QazTehna зауыты Сарань қаласының өндірістік алаңында орналасқан. Кәсіпорын жергілікті тұрғындарды мамандыққа үйренуге және басқа кәсіпке мамандануға шақырып, сол арқылы қаланың дамуына ресурстарын құйып жатыр. Зауыт толық өндірістік қуаттылыққа көшкен соң жаңа жұмыс орындарының саны 1000 дейін жетеді деп болжанған.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойыша Қазақстанда автобус өндірісі 14%-ға өскен. Жыл басынан бері 611 автобус шығарылған, оның 97-ы QazTechna зауытының конвейерінен шыққан. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 1200 автобус.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
21.07.2022, 17:48