Қазақстандықтарға кедендік рәсімдеуден өтпеген көліктерді сатып жүр
Шетелдік жеке тұлғалардан машинаны тек кедендік тазалаудан өткен соң сатып алу қажет.
Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер соңғы уақытта шетелдіктер (негізінен Грузия мен Әзербайжаннан) ЕАЭО елдері аумағына автомобильді өзімнің жүріп-тұруыма деген желеумен әкеліп, Қазақстанда келіп алған соң, осы жерде жергілікті азаматтарға сатып жіберетінін айтады.
Осыдан соң шетелдіктер Қазақстаннан кетіп қалады. Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер өзге елдердің азаматтары тек автомобилін саудалау мақсатымен келеді деген ұйғарымға келіп отыр.
«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарын уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік тазалаудан өткізіп және тиісті кедендік баж бен салықтарды төлегеннен кейін барып сатып алуды және Қазақстан аумағында пайдалану керегін ескертеді», — делінген МКК хабарламасында.
ЕАЭО заңнамасына сәйкес, одақ аумағына автомобильді 1 жыл мерзімге уақытша әкелуге рұқсат бар. МКК полициямен бірлесіп уақытша әкелу мерзімі асып кетсе де ЕАЭО аумағынан шығып кетпеген автомобильдерді анықтау үшін арнайы рейдтер өткізіп тұрады. Қазірдің өзінде 116 машина айыптұрағына қойылды.
Комитет қазақстандықтарға жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына хабарласуға кеңес берді. Онда белгілі бір автокөлікті Қазақстан аумағына әкелудің заңдылығын, сондай-ақ кедендік ресімдеуден өткен-өтпегенін, барлық салықтар мен төлемдердің төленген-төленгенін тексеруге болады.
Кедендік ресімдеуге баж салығы, акциз (қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден жоғары автомобильдер үшін) және ҚҚС (12%) кіреді.
Орташа алғанда төленетін кедендік төлемдердің көлемі (қозғалтқыштың көлемі 3000 текше сантиметрден аз) автокөлік құнының 23%-дан 28%-ға дейін құрайды, деп хабарлады CARMA.KZ редакциясына МКК.
Қазақстан аумағына автокөлік әкелу кезінде автокөлікті сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Содан кейін төлем құжаттамада көрсетілген құннан есептеледі. Немесе төленетін сома ұқсас автокөліктің орташа құны негізінде есептеледі. Әдетте көліктің құны автокөлік әкелінетін елдердегі автокөліктерді сатуға арналған сайттардан алынады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
28.07.2022, 14:17