Меню CARMA.KZ

БҚО-да үш автодилерге 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Айыппұл олардың монополияға қарсы органның талабын орындамағаны үшін салынды.

БҚО-ның үш автодилеріне 1,4 млн теңге айыппұл салынды/ Фото: Depositphotos
БҚО-ның үш автодилеріне 1,4 млн теңге айыппұл салынды/ Фото: Depositphotos

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазастан облысы департаменті үш автодилерге сомасы 1 млн 408 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚР МҚДА ресми сайты.

Хабарламада 2021 жылдан бастап 2022 жылғы қаңтар-мамыр арылығындағы кезең ішінде Батыс Қазақстан облысында автодилерлердің жаңа жеңіл автомобильдерді саудалау барысындағы қызметі нарығына жүргізілген талдау аясында облыстық департамент қосымша қондырғыларды орнату бойынша клиенттерден келіп түскен шағымдары туралы өзінің сұратқан ақпаратына нарықтың үш субъектісінен жауап ала алған жоқ.

«Тұтынушылар құқығын қорғау аймақтық департаментінің ақпараты бойынша, мұндай шағымдар болған, — деп сендіреді монополияға қарсы орган. — Анықталған фактілердің негізінде БҚО аумағында жаңа автомобильдерді саудалайтын бизнестің үш субъектісіне қатысты жалпы сомасы 1 408 980 теңге болатын ҚР ӘҚтК 162 бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды», — делінеді хабарламада.

Бұған дейін Алматыда МҚДА-ның аймақтық департаменті клиенттерге қосымша қызметтерді тықпалауды доғару қажеттігі туралы 9 автосалонға хабарлама жолдаған болатын.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
13.07.2022, 11:56