Меню CARMA.KZ

АвтоВАЗ LADA Granta-ның жаңа түрі саудаға шыққанын хабарлады

Ресейде жаңа LADA Granta Drive Active-тің бағасы алдыңғы буын түрленімімен салыстырғанда 138 000 рубльге төмен болады.

АвтоВАЗ LADA Granta-ның жаңа түрі саудаға шыққанын хабарлады / Фото: lada.ru
АвтоВАЗ LADA Granta-ның жаңа түрі саудаға шыққанын хабарлады / Фото: lada.ru

2022 модельдік жылғы LADA Granta Classic өндіріске шыққан соң бір ай аралығында ресейлік автоконцерн LADA Granta Drive Active седанының саудасы басталғанын хабарлады.  LADA Sport бөлімшесі әзірлеген автомобиль спорттық элементтері бар шассиімен және интерьерінің безендірілуімен ерекшеленеді. Ол шапшаң жүрісті жақсы көретіндерге арналған.

На LADA Granta Drive Active’22-ге спорттық баптаулары бар қысқа жүрісті аспа орнатылады. Шассиі кілт бұрылыстарда, сонымен қатар жалпыға ортақ жолдарда жайлылықты жеткілікті деңгейде сақтай отырып сенімді жүруге мүмкіндік береді. Күштік агрегат ретінде 5 сатылы механикалық беріліс қорабымен бірге қуаттылығы 90 ат күшіне (90 а.к., 143 Нм) тең 1,6 литрлік қозғалтқыш орнатылған.

2022 модельдік жылғы LADA Granta Drive Active жабдықталуына күндізгі жүріс шамдары, рульді басқаруды электрменкүшейткіш, алдыңғы есіктердің электрлішыныкөтергіштері, жылытылатын және электржетекті айна, аудиодайындық және 4 динамика, борт компьютері, орталық құлып, орталық консольде 12V розетка, зат салатын жәшік пен жүк бөлімінің шамы, ISOFIX балалар отырғышы үшін бекіткіш кіреді.

Осылайша, жаңа Granta Drive Active әзірше сегіз клапанды қозғалтқышпен ғана жабдықталмақ (бұған дейін алты клапанды нұсқасы болған), сондай-ақ қауіпсіздік жастығынсыз, АБС және иммобилайзерсіз ұсынылатын болады. Drive Active-тің базалық жиынтықталуында ЭРА-ГЛОНАСС блогы және алдыңғы орындықтарында жылыту қарастырылмайды.

Әйтсе де Granta жаңартылған модификациясының бағасы осының алдында шыққан моделінен 138 мың рубльге төмен болмақ. Жаңа Granta Drive Active-тің бағасы 784 900 рубльден басталады (Трейд-Ин тәсілі бойынша ннемесе LADA FINANCE несие бағдарламасын пайдалану барысында 20 мың рубль көлемінде пайданы есептегенде).

Аталмыш модельдің еліміздің нарығында қашан пайда болатындығы туралы айтылмайды. 2020 жылы 7 558 LADA Granta автомобилі сатылып, ол қазақстандық нарықта аса сұраныстағы модель болды. Қазіргі таңда еліміздің автосалондарында Granta-ның бағасы 4 790 000 теңгеден басталады.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
06.07.2022, 19:17