Меню CARMA.KZ

7-буын Hyundai Grandeur-ге 30 мың адам тапсырыс берді

Hyundai Grandeur моделінің жаңаратындығы әлі алдына ала хабарланған да жоқ.

7-ші буын Hyundai Grandeur-ге 30 мың адам тапсырыс берді / Фото: auto.ru
7-ші буын Hyundai Grandeur-ге 30 мың адам тапсырыс берді / Фото: auto.ru

Hyundai клиенттеріне өздерінің 6-буын Grandeur-ге берген алдына ала тапсырыстарын 7-шісіне өзгертуді ұсынған хабарлама жіберді. Компаниядағылар мұны құрамдастарды жеткізде 2-8 айға дейінгі іркілістерге байланысты деп түсіндірді.

Кореяның Chosunilbo басылымы 7-буын Hyundai Grandeur-ге әлі тіпті анонс та жасалмағанын және 2022 жылдың күзіне дейін саудаға шықпайтынын атап өтті.

«6 буынды күтіп отырған 50 мың клиенттің 30 мыңнан астамы 7-шісін күтетіндігін айтты», — деп мәлімдеді Hyundai.

Бұған дейін Hyundai Асанадағы зауытында Grandeur моделін өндірістен алып тастап, босаған қуаттылықтарды Ionic 6 EV моделін шығаруға бейіндеп жатқаны туралы белгілі болған еді.

Hyundai Grandeur — бизнес-санатқа жататын автомобиль. Ол 1986 жылдан бері шығарылады, ол кезде 1-буын автомобиль шыққан болатын. 6-буын 2016 жылдан бастап шығарылып келеді. 2017 жылы жаңартылған модельдің саудасы басталды. Алайда Ресейде Grandeur-ге сұраныс төмен болып, Hyundai мұнда 6-буынды сатуды тоқтатты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.07.2022, 11:00