Меню CARMA.KZ

Салық төлемеген мыңнан аса алматылық жүргізуші куәлігінен айырылады

Бүгінгі күні Алматыда 1 082 көлік иесі көлік құралдары салығы бойынша 800 мың теңгеден артық қарыздар.

Салық төлемеген мыңнан аса алматылық жүргізуші куәлігінен айырылады / Фото: Алматы қ. МКД
Салық төлемеген мыңнан аса алматылық жүргізуші куәлігінен айырылады / Фото: Алматы қ. МКД

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, көлік құралдарына салық бойынша жалпы қарыз 2,2 млрд теңгені құрайды.

Осыған байланысты, кіріс департаменті аймақтық жеке сот орындаушылардың палатасымен бірлесіп салық төлеуге құлықсыздармен күресудің келесідей алгоритмін әзірледі. CARMA.KZ бұған дейін хабарлағандай, «Қарызсыз қала» акциясы аясында 17 маусымнан бастап Алматыда мобильдік патруль жұмыс істеп жатыр. Олар қарыздар тұлғалардың автомобильдерін тоқтатып, айыптұраққа қойып жатыр. Әрі қарай көлік иелерін салық қарызын өтегенше жүргізуші куәліктерінен уақытша айыратын болады.

17 маусымнан бастап акция аясында қарызы барлардың автомобильдерін айыптұраққа қою жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге жүргізуші куәлігінің әрекет етуін уақытша тоқтату үшін материалдар сот органдарына жолданады», – делінеді Алматы қаласы бойынша МКД ресми хабарламасында.

Бұған салық қызметкерлері Toyota Land Cruizer маркалы көлік құралы бойынша жалпы сомасы 2,1 млн теңге қарызы бар «К» есімді азаматты мысалға келтірді.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымына сәйкес «К» есімді борышкердің көлік құралын жүргізуге бұған дейін берілген жүргізуші куәлігі қарызды толықтай өтегенге дейін әрекетін уақытша тоқтатты. Басқа борышкерлер бойынша да дәл осындай жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының Мемлекеттік кіріс департаменті.

 

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
20.06.2022, 00:48