Меню CARMA.KZ

Қытайда NEV автомобильдердің саудасы мамырда күрт өсті

Қытайдың жеңіл автомобильдер қауымдастығының мәліметтері бойынша, өткен айда NEV жеңіл автомобильдерінің 360 000 сатылып, осылайша жылдық көлемде 91,2%-ға артқан.

Қытайдың жеңіл автомобильдер қауымдастығының мәліметтері бойынша, өткен айда NEV жеңіл автомобильдерінің 360 000 сатылып, осылайша жылдық көлемде 91,2%-ға артқан.

Биылғы жылдың алғашқы бес айында осы елде NEV өнімінің 1,71 млн бірлігі сатылып, саудасы өткен жылмен салыстырғанда 119,5%-ға өсті. Сонымен бірге BYD, Geely, Changan және Chery секілді фирмаларға тиесілі нарықтың үлесі айтарлықтай өскен.

Айға шаққанда сауда көлемі 26,9 пайызға артқаны байқалды.

Nikkei Asia мәліметтері бойынша өткен жылы Қытайда электромобильдердің рекордтық 2,91 млн-ы сатылып, сауда 160% өскен.

Автомобильдердің саудасы мен оған деген сұраныстың өсуі Қытайды электромобиль шығаратын жетекші елге айналдыруға тырысып жатқан осы елдің үкіметінің саясатымен байланысты болып отыр. Қазіргі таңда, сарапшылардың бағалауы бойынша, аталмыш көлік түрі бойынша сауданың 60 пайызы Қытайға тиесілі.

Жалпы алғанда, қауымдастықтың келтірген дерегіне сәйкес, Қытайда мамырда жеңіл автомобильдердің саудасы алдыңғы аймен салыстырғанда өскен: өткен айда 1,35 млн жеңіл автомобиль сатылып отыр, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 29,7%-ға көп.

Сонымен бірге 2022 жылдың мамырында қытайлық дербес автомобиль брендтері сауда өсімін сақтай отырып, нарықтағы үлестерін арттыра түскен. Қытайдың жеңіл автомобильдер қауымдастығының дерегі бойынша, өткен жылы жалпы саны 620 000 жеңіл автомобиль сатылған.

Оларға мамырдағы жалпы сауда көлемінің 46,3 пайызы тиесілі, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,8 пайызға көбірек.

Қытай үкіметінің жоспарына сәйкес, 2022 жылы автомобильдер өндірісі 10%-ға өседі деп болжанған.

Жалпы алғанда өткен 2021 жылы Қытайда 26,27 млн жаңа автомобиль сатылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға көп. Ал гибрид автомобильдердің сауда екі еселеніп, 600 мың машина сатылып кеткені белгілі болды.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
14.06.2022, 14:00