Автомобиль стартапының қазақстандық үлгісі
Mycar.kz жобасының техникалық директоры Мәди Қабдыраш AstanaHub өкілдеріне қысқаша сұхбат беріп, онда жобаның цифрлық құрылымы қалай өсіп, «дамығаны» туралы айтып берді.
Қазақстанның өте бай және ықпалды бизнесмендерінің бірі Нұрлан Смағұловқа тиесілі осынау табысты бизнесті AstanaHub баспасөз қызметі стартап деп атағаны carma.kz порталының редакциясына ғажап дүниедей көрінді.
Бұл жоба туралы Нұрлан Смағұловтың өзі 2021 жылғы 10 қарашада Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында былайша деген болатын:
«Біз әлемнің көптеген еліне барып жүріп өз бизнесімізді ойлап таптық — ол Mycar. Біз бұл бизнеске инвестиция құйдық дегеніміз дұрысырақ болар. Компаниямыздан ынталы топ табылып, Mycar.kz электрондық нұсқасын ұсынды».
AstanaHub баспасөз баянында жобаның қалай дамығаны туралы келесідей делінген:
«Бір жыл ішінде Mycar.kz бір қосымшада пайдалы қызметтердің алуан түрі қамтылған сәтті дамыған компания болып өсті».
Мәди Қабдыраш AstanaHub баспасөз қызметіне берген өзінің сұхбатында «Бүгінде біз стартап стандарттарынан толықтай шықтық. Бұл толыққанды компаниялар тобы болып табылады», — деп сөзін тағы қайталапты.
4 автоорталық пен тұтас бір микроқаржы ұйымы тақыр жерден шықпайтыны белгілі ғой. Олардың ұсынған есебінен 25 дилерлік орталықтың біріккені туралы тағы хабардармыз, әрі осы 25-тің 24-і Astana Motors арқылы дәл сол Нұрлан Смағұловқа тиесілі (ұйымның сайтында жарияланбаған бәлкім 25-шісі де бар шығар).
Осыншалық ресурстарға ие болып отырып mycar.kz жобасына «қаржылық шығыстарды» төмендету не үшін қажет болғаны – бұған AstanaHub-тың қалайша қатысып жүргені мүлдем түсініксіз.
Бұл жерде PR мен жарнама жасау қажет болғандықтан артында еліміздің бай адамдарының бірі тұрған жобаны стартап ретінде көрсетудің біраз қитұрқылығын carma.kz автомобильдік порталының редакциясы байқап отыр. Ал Forbes-тың бағалауы бойынша жылдық түсімі 19 миллиард теңгеден асатын Нұрлан Смағұловтың бизнес-империясының жаңа бағыты табысты стартап ретінде бастамасы мықты.
Қалай дегенмен қазақстандық стартаптардың жүріп өткен жолын зерделеу қиын-ау.
Павел Федотов, технический директор CARMA.KZ
03.03.2022, 17:13