Меню CARMA.KZ

15-20 мың машина 2-3 айда таусылады

Atameken Business телеарнасындағы «АвтоДрайв» бағдарламасында CARMA.KZ порталының техникалық директоры Қазақстандағы жеңілдетілген несиелеудің жаңа бағдарламасынан қандай үміт күтетіні туралы айтып берді.

«Барлығы болжалған соманың қандай тәсілмен бөлінетіндігіне және ол қаражатты банктер қалай пайдаланатындығына байланысты. Өйткені қазір сарапшылардың арасында бірнеше теория бар, соның бірі аталған несиелерді тек әлеуметтік аз қамтылған адамдарға, яғни, ол несиелерді жетім балаларға, көпбалалы аналарға, мүгедектерге, және, кешірерсіздер, кедейшілікте күн кешіп жатқандарға беру қажет дегенді айтып жатыр.

Қалай болғанда да несие қалай бөлінеді және оның мақсатқа сай екенін кім белгілейді деген сұрақ туындайтыны анық. Бұған дейін бөлінген несиелер тиісінше жүзеге асырылды ма? Мысалы, бұған дейін берілген жеңілдетілген автонесиенің пайызы қанша, қаншасының сапасы нашар, қаншасы қайтарылмай қалғаны туралы ақпарат мүлдем жоқ. Осы туралы қандай да бір есеп болған жағдайда нақты бір нәрсеге талдау жасауға болатын еді.

Әзірше, егер бөлінетін несие көлемі 100-150 млрд теңге шамасында деп алсақ. ЕДБ үшін соманың толық өтемақысы шамамен 15-20 мың машина болса, онда олар 2-3 айда тауысып тастайтыны анық. Осымен бәрі бітіп, бағдарлама тәмам болып, әрі қарайғы жағдайда аталғаны несиені алғандардан енді тек төлемдерін күтетін боламыз.

Бұл егер пайызға төленетін өтемақы болатын болса, демек бұл жерде банктер аталған несиені кімге беретіндігіне қатысты банктермен келісім жасалуы тиіс.

«Несие бастапқы жарнасыз берілсін» деген де ойлар айтылып жатыр. Шаруасын білетін коммерциялық банк бастапқы жарнасыз несие беру үшін дербес қаражатын тәуекелге тігеді деп ойламаймын», — деді Артур Мискарян Павел Федотовпен болған әңгімесінде.

Айдар Ахметов

Айдар Ахметов, журналист
22.02.2022, 08:46