Меню CARMA.KZ

Әр түрлі елдерде автомобильдердің бағасы туралы

Неліктен бір модельдің бағасы көршілес елдерде әртүрлі болады деген сұрақты БАҚ пен сатып алушылар жиі қояды. Мұның бәрі жергілікті дилерлердің саясатына байланысты деп ойлайтын болсаңыз, онда қателесесіз. Барлығы дерлік олардың қолында емес. Себебін түсіндірейік.

Автокөліктердің бағасына көптеген фактор әсер етеді. Ол факторларды шартты түрде маркетингтік және өндірістік деп бөлуге болады.

Атап айтсақ, белгілі бір брендтің штаб-пәтері айқындайтын аймақтық стратегия бағалардың шектік мәнімен қатар автомобиль жиынтығына тән ерекшеліктерін белгілейді. Мысалы, атауы бір жиынтық көрші елдерде әртүрлі сипаттамада болуы мүмкін.

Оған қоса, квота мен қоймадағы қордың көлеміне байланысты дилерлер түрлі арнайы ұсыныстар әзірлей алатындықтан, ол да бағаға әсер етеді.

Автокөліктің құнына әсер ететін маңызды фактор – жерсіндірудің дәрежесі/жергілікті өнімнің үлесі. Бұл көрсеткіш нарықтың көлеміне тікелей тәуелді: нарық үлкен болса, жерсіндіру де жоғары болмақ.

Жерсіндірудің жоғары болуы валютаға тәуелділікті және автомобильдің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Тауарлы автомобильдерді тасымалдаудың шығыстары да маңызды.

Ресей нарығының көлемі кейбір шетелдік брендтердің жерсіндіруді 60% деңгейінде қамтамасыз етуіне мүмкіндік берсе, ал жерсіндірудің жоғарылығы валютаға тәуелділікті және автомобильдің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда нарықтың кішкентай болуына байланысты жерсіндіру үшін мүмкіндіктер әзірше ауыз толтырып айтарлықтай емес.

Мәселен LADA Granta-ны алар болсақ, аталмыш автомобиль Қазақстанда 2,7-2,8 млн теңге тұруы мүмкін еді. Саладағы түрлі ойыншыларға қатысты өзгеріп сала беретін саланы реттеушінің (мемлекет) ұстанымына да назар аударған жөн. Ал бұл сайып келгенде бағаға тікелей әсер етеді.

Артур Мискарян

Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
25.01.2021, 20:19