Меню CARMA.KZ

Ұлыбританияда автомобиль өндірісі артады деп болжанады

Алайда өндіріс көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жете алмайды.

Ұлыбританияда автомобиль өндірісі артады деп болжанады / Фото: autonews.ru
Ұлыбританияда автомобиль өндірісі артады деп болжанады / Фото: autonews.ru

Ұлыбританиядағы автомобиль өндірісі 2023 жылы, осы жылға қарағанда, 15%-ға өседі деп болжанып отыр. Оның себебі — жартылай өткізгіштердің тапшылығы азаяды. Алайда, инвестициялардың жетіспеушілігі мен энергияның жоғары шығындарына байланысты, автомобиль өндірісінің жалпы көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жете алмайды, деп хабарлайды Bloomberg сайты.

Автокөлік өндірушілер мен сатушылар қауымдастығының болжамынша, 2023 жылы Ұлыбританияда 984 мың көлік шығарылады, ал 2025 жылы — 1млн. Салыстырмалы түрде, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1,3 млн-ды құрады. 

Бұл көрсеткіштер қазақстандық кәсіпорындармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Қазақстанның автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2022 жылдың он айында елімізде жалпы құны 902,4 млрд теңгеден асатын 88 мың көлік шығарылды. Жыл басынан бері өндіріс көлемі, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларына қарағанда, төрттен біріне артқан.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
30.11.2022, 15:30